Атыраудың шет жағындағы көшеден жарылғыш зат табылды. Мой город баслымының хабарлауынша, жергілікті полиция «Контейнерный» мөлтек ауданын қоршауға алған. Бұл жайында Мой Город басылымы жазды.
Атырау облысының Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.
— Қазіргі таңда Контейнерный ауданының бір көшесі қоршауға алынды. Полиция қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Толығырақ кейін хабарланады, - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, қоршалған жерден атылмаған ескі әскери граната табылған.
Пікір қалдыру