Өзбек басшысы: Ең ірі парақорлар – кеденшілер

/uploads/thumbnail/20180614141258060_small.jpg

Өзбекстан президенті елдегі импорт мәселесіне қатысты ескертулер айтып, кеденшілерді сынаған. Шавкат Мирзияевтің айтуынша, кеденшілер бір-бірін кез келген жағдайда сатып кетуеге дайын тұрады. 

«Мен онсыз да кеденшілердің жартысын түрмеге отырғыздым. Тергеу барысында бәрің бір-біріңе қарсы шығасыңдар, кімнің қанша пара алғанын тәптіштеп айтып бересіңдер. Сендер бір ұйымның өкілі емессіңдер ме? Өздерің сүттен ақ, судан таза адамдай, өз ұйымыңның өкілін көрге сүйреуге дайынсыңдар. Ең үлкен парақор – сендерсіңдер», - деп келтірді өзбек басылымдары Мирзияевтің сөзін.

Бұдан бұрын өзбек басшысы парамен ұсталған қаржыгерлерді «көртышқанға», прокуратура қызметкерлерін «ұрылар мен қоқысқа», «тәкаппар итке», «отан сатқындарына» дейін теңеген екен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар