Шу қаласының маңында "Астана-Алматы" бағытындағы №9 "Байтерек" пойызы аударылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, құтқару қызметі вагондар аударылған жерге шығып кеткен.
Куәгерлері пойыз апатының бүгін 14.00-де Жамбыл облысындағы Шу бекетінің маңында болғанын айтады. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Алдын ала мәлімет бойынша Жамбыл облысы Шу ауданында "Астана – Алматы" жолаушылар пойызының үш вагоны рельстен тайып кеткен. Келіп түсіп жатқан мәліметке сүйенсек, зардап шеккендер бар, бірақ әзірге біздің бөлімшелер оқиға орнына бара жатыр", - деп хабарлады Иманқұлов.
ҚР ІІМ ТЖК өкілдерінің сөзінше, рельстен жеті вагон шығып, оның үшеуі құлаған.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі қосымша ақпаратты сәл кешірек беруге уәде етті.