Бүгін Жамбыл облысында жолаушылар пойызының аударылған туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиғаға душар болғандардың айтуынша, 6 вагон рельстен шығып кеткен. Жолаушылар өз күштерімен пойыздан шығып жатыр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Turaninfo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 13.25-те Төтенше жағдайлар департаментіне Шу мен Шығанақтың ортасында Алматыдан Астанаға қатынайтын пассажирлік 09 — Бәйтерек пойызы аударылғаны туралы ақпарат түсті. 6 вагон рельстен шығып, 3 вагон аударылған. Қазіргі уақытта 1 жасөсіпірім қаза тауып, 4 адам аудандық ауруханаға жөнелтілді. Екінші жолға пойыз келіп, жолаушыларды Шуға жеткізуде, ал қалғандарына автобустарды ұйымдастырып жатырмыз» — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сауле Мұнатаева.