Дүйсенбіде еліміздің басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі

/uploads/thumbnail/20180531173603877_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыста және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз тұрақты ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с  күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қатысты Мақалалар