Ақордада «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті Астана және Алматымен қатар Қазақстандағы миллион тұрғыны бар қалалардың қатарына қосылғанын ресми мәлімдеді.
"Мен қол қойған "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің он жетінші аймағы атанды. Ал қазақ хандығы мен түркі әлемінің жүрегіне айналған Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді", - Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша бұл өңір енді Түркістан облысы деп аталатын болады.
"Бұл әкімшіліктің аумақтың құрылымдық өзгерістері осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген тарихи құжат болады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік, логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент Қазақстанның ең ірі үш мегаполисінің қатарына қосылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.