Қайрат Нұртас Назарбаевпен бірге ән шырқауды армандайды

/uploads/thumbnail/20170708171521623_small.jpg

Қайрат Нұртасты сахнадағы әріптестері  ерекше құрметтейтінін байқаймыз. Өйткені "мен" деген қай әншіні айтсақ та, Қайратпен бірлесіп ән салуға әзір тұрады .

Мәселен, бүгінге дейін Сырым Исабаев, Бүркіт, Жанар Дұғалова, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, "Нұр-Мұқасан" тобы, Әлішер Қайратұлы секілді әншілермен Қайрат Нұртас дуэт айтқан. Қайрат Нұртас өзінің жеке концертіне қазақ эстрадасының жұлдыздарын өте жиі шақырады. Айтпақшы, тек қазақ әншілерін ғана емес, ол тіпті шетелдік әншілерді де шақырып, олармен бірге ән шырқағанын да көрдік. Өздеріңізге белгілі, таяуда ғана Қайрат Нұртас белгілі жас әнші Жанар Дұғаловамен бірге ән шырқап, тіпті бейнеклип те түсірді. Әрине, Жанардың Қайратсыз да шоу-бизнесте бағындырып жүрген өз биігі бар. Дегенмен екі "жұлдыздың" бірігіп ән салуына мүмкіндік туғызған олардың продюсерлері Баян Мақсатқызы мен Гүлзира Айдарбекова. Осыдан біраз уақыт бұрын қазақ шоу-бизнесінің "патшайымы" Баян ханымның өзі Қайратты мойындайтынын айтқан болатын. Осы сөзінің дәлелі ретінде аталған бейнебаян жарыққа шықты. Қайраттың қарапайымдылығы болар ол өзімен бірге ән айтуға қолқа салған әншілердің бетін қайтармайтын көрінеді. Сондай-ақ өзі де ара-тұра әншілерге бірлесіп ән салуға ұсыныс білдіріп отырады. Жақында Қайрат Мақпал Жүнісовамен бірлесіп концерт береді. Тіпті Қайратпен бір сахнада ән салу талай әншінің арманы. Ал Қайраттың арманы - елбасымен бірге ән шырқау. Әншінің айтуынша, өнерді, ән-жырд ы жаны сүйетін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ән салуды армандайды екен.

Қатысты Мақалалар