Мессидің анасы сынның астында қалған ұлының жағдайын айтты

/uploads/thumbnail/20180622111531730_small.jpg

Футболдан Аргентина командасының шабуылшысы Лионель Мессидің анасы Селия Куччиттини ұлының айтылған қатаң сыннан күйзеліске түсетінін айтты. Бұл жайында Лента.ру жазды.

— Біз барлығымыз сыннан күйзеліске түсеміз. Көпшілік Лионельді жауапкершілігі жоқ адам деп ойлайды, бірақ бұл – жалған.   Біз көріп жүргенді  басқа біреу көрсе, олай ойламас еді. Ол қайғырады, тіпті жылайды. Соның барлығы айтылатын сынның салдары, – деді Мессидің анасы журналистерге.

Айта ктеейік, футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан командалар қарасы Хорватиямен толықты. "D" тобындағы екінші ойында шақпақ жейделі құрама Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 53 минутта қақпашы Вилли Кабальеро ойламаған жерден қателесті. Допты сәтсіз қайтарып қана қоймай, хорват ойыншысы Ребичтің аяғына салып берді. Футболшы допты бірден қақпаға бағыттап, гол соқты.

Қатысты Мақалалар