Германия канцлері Ангела Меркель Брююсельде Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшыларының бейресми кездесуінде миграция мәселесі бойынша екіжақты және үшжақты келісімге қол жететінінен үмітті екенін айтты. Меркель осы аптада өтетін миграциялық саясат бойынша саммитте ЕО-ның 28 елі бірдей келісімге келуі екіталай екенін мойындайды.
Франция президенті Эммануэль Макронның сөзінше, ЕО-дағы миграциялық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. ЕО-ның сыртқы шекарасын қорғау ғана емес, ЕО-ның өз ішіндегі миграциялық ағынды реттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Ол әсіресе Италияның миграциялық саясатын реформалау керегін айтады. Бұл ел соңғы уақытта Африка елдерінен теңіз арқылы босқындарды елге кіргізбей отыр. Орталық Еуропа елдерінің көбі ЕО аясында босқындарды қайта бөлу саясатына үзілді-кесілді қарсы.
ЕО елдері арасында келісімнің жоқтығы Германияның өзінде Меркельдің билігін әлсіретуі мүмкін. Бұл елде миграциялық мәселеге байланысты үкіметте дағдарыс туындау қаупі бар.
Брюссельдегі ЕО саммиті 28-29 маусым күндері өтеді.
Пікір қалдыру