Путин өлді ме? (фото)

/uploads/thumbnail/20170708171702549_small.jpg

15 наурыз. Qamshy.kz  - В.В.Путиннің бір апта бойы телеарналардан және саяси жиындардан көрінбеуінің сырын әркім-әр түрлі жорамалдауда. Осыған орай бүгін  ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында РФ Президенті  Путиннің "омыртқаның  қатерлі ісігенен"  көз жұмғаны туралы ақпарат тарай бастады.

10253315_1631693220383968_2024168336_n

Мысалы, ресейлік  "VLASTI.NET" сайты  "Путин қайтыс болды. Билікке Шойгу, Рогозин және Медведов таласуда" атта мақаласында Кремльдің ресми сайтында РФ Президенті  В. Путиннің омыртқаның қатерлі ісігенен көз жұмғандығы туралы ақпарат таралғандығын жазды.  Алайда арада бірнеше сағат өткеннен кейін аталмыш ақпарат сайттан жойылған. Мұның себебін, халықты дүрліктірмеу деп түсіндірген. Ал ELISE.COM.UA  басылымының журналисті Анатолий Гвард өзінің мақаласында В. Путиннің қазасын Кремльдегі әскери төңкеріспен байланыстырған.

11072587_1631693237050633_1595255687_n

"Қазір мемлекет басына Шогу өзінің қарамағындағы әскерилерімен келді. Ал халықты дүрліктірмеу үшін Кремль  Путиннің "сыңарын" шығарып отыр. Ал Владимер Путин болса, ешқандай да аурудан емес, әскери төңкеріс барысында өзінің сенімді генералы, РФ Ішкі әскерлерінің басқарушысы - Золотовпен бірге қаза тапқан" деп жазады.  Сонымен қатар, Путиннің қаза болғандығы туралы ақпаратты РФ Президент әкімшілігі де теріске шығармаған.  Ал  "INOСМИ" ақпараттық  агенттігі "АМЕРИКА ДАУСЫНА" сілтеме жасай отырып,  "Шойгу, Рогозин және Медведов. Мұрагерлер таласы" атты мақала жариялаған. Аталмыш мақалада 2018 жылы өтетін Президент сайлауына Путиннің қатысатынын, алайда жеңіске оның шәкірті - Шойгуның жететінін жазған. Ал ресейлік "ДОЖД" арнасына берген сұхбатында РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  В.Путинге қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан. ONPRESS.INFO. сайты бүгін  Ресейдегі саяси ахуалға қатысты РФ Президентінің баспасөз хатшысы аяқ астынан отбасымен бірге Францияға дем алуға кеткендігін сынға алған. Ал RUSJEV.NET  (Руский Еврей) сайты Шешенстан Президенті Рамзан Қадаровтың отбасын алып Иордания мемлекетіне дем алуға кетпекші екенін, ал Путиннің кеңесшісі Владислав Сурковтың жедел түрде отбасымен бірге Гонконг қаласына аттанып кеткенінен сезік тудыратындығын жазған. Аталмыш басылымда 13 наурыз күні үлкен Кремльде РФ Туының түсірілгенін және Шойгу  әскерлерімен елде мемлекеттік төңкеріс жасағанын жазған. Сондай-ақ, RUSJEV.NET  сайты ФСБ директорлығына басты үміткер болған генерал Золотовтың өлімін Путиннің жоғалып кетуімен байланыстырған. Ал "YOU TUBE" каналында Ресейік мемлекет қайраткері Гейдар Джемаль "Ресейде мемлекеттік төңкеріс басталды. Путиннің қазасы Шойгу әскери төңкерісімен тығыз байланысты" деп мәлімдеген. Ал REJIMU.NET сайты "Жедел! Ресейде мемлекеттік төңкеріс басталды. Путин және Қадыров елден шығарылды" деп жазады. Сондай-ақ, Украиналық "LIFEINVEST.COM.UA" сайты "қазіргі таңда Ресейде мемлекеттік төңкеріс басталды. Кремль маңына борнотехникалар жеткізілді" деп жазады.

11041333_1631693210383969_158929180_n

Әзірге Ресей Президентіне қатысты нақты ақпарат таралмаған. Алайда "Мәскеу-Кремль-Путин"  Сергей Шойгу әскерлерінің қыспағына алынғаны туралы ғана ақпарат расталған. Дегенмен қазірдің өзінде Бүкіл Ресейде "соғыс жағдайы" жарияланған. Егер Ресейдегі мемлекеттік төңкеріс билікті Сергей Шойгуның қолына өткізетін болса, алдағы уақыттарда РФ Президенті тағына сол Шойгу отыруы әбден мүмкін.

11072112_1631693227050634_1385691211_n

Нұрзат Тоғжан

Сурет: elise.com.ua

Қатысты Мақалалар