ҚазМҰУдың журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген, журналистика саласының майталманы, мемлекеттік тілдегі бірнеше журналдың Бас редакторы Жарылқапты Мырзатай Жолдасбеков мемлекеттік тілді білмейді деп құлатып жіберуге жүрегі дауаламас, егер «жоғары жақтан звонок болмаса»... (онда ел алдында масқара болары анық).
Жарылқап Қалыбайды 93 000 қол жинауда сүріндіруі мүмкін екенін осы уақытқа дейін де айттым. Кезектен тыс сайтау өткізудің негізгі мақсатының өзі қарсыластың дайындалуына мүмкіндік бермеу.
Осы жағдайды ескере отырып, барлық облыстарда ұлтшыл, мемлекетшіл азаматтарды Жарылқап Қалыбайды қолдауға шақырамын.
«Н. Назарбаевтың жеңетінін біліп отырып, Жарылқаптың шыққаны не?» деп жазып жатыр біраз азаматтар. Ия, бұл сайлауда да Н. Назарбаев жеңісті шаппай алуы мүмкін, бірақ өмір онымен тоқтап қалмайды.
Ертең «Жарылқап Қалыбай Президенттікке кандидат болып, осынша дауыс жинаған...» деген сөздің өзі шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Бүгінгі саясат қалай болса да ертең Қазақстанның саясат сахнасына ұлтшылдар мен мемлекетшілдердің келетініне бек сенімдімін. Сондықтан бүгіннен бастап саясаттың мүмкін амалдарының барлығын жасап бағу біз үшін аса маңызды.
Сондықтан, Қазақ Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Жарылқап Қалыбайды қолдауларыңызды сұраймын.
Бұл Қазақ мемлекетінің ертеңі үшін қосқан үлестеріңіз деп түсініңіздер.
(Мақсат Ілиястың фейсбуктегі парақшасынан)