Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағын еске алды. Ақорданың Instagram-дағы парақшасы президенттің балалық шағы жайлы айтқан видеосын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Туған ауыл, таулар, жылғалар, қызғалдақтар, көкнәрлер – көктемде бәрі қызыл түске боялады. Біздің ойындар, серуендеріміз, көкнәрлер арасындағы футбол, жидек теру үшін тауға шығатын сәттеріміз. Мұның бәрі мәңгілікке есімізде қалады», - делінген Ақорда жариялаған видеода.
Сонымен қатар, Елбасы анасын да еске алды.
«Әсіресе, балалық шағың түнде жатар алдында есіңе түседі. Анаммен бірге атқа отырған сәтіміз, мені ұйықтап кетіп аттан құлап қалмайтындай байлап қоятын. Таулар мен өзендерді асып кете беретінбіз. Ол ән айтатын», - деп есіне түсірді Назарбаев.
Айта кетейік, 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.