Кәсіби рингте өз жолын енді бастаған қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қатысты ойын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
— Головкин менімен ешқашан сөйлескен емес [кәсіпқой боксқа ауысуы туралы]. Соңғы кездері GGG қатты өзгерді. Ол қолжетімсіз болып кетті. Туған қаласының тұрғындарының, мысалы, достары мен таныстарының оған қолы жете алмай отыр", - деді Данияр. Кейде адамдар өзгереді, — деді Елеусінов Boxing Monthly-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксшы ретінде өз жолын таяуда ғана бастады. Кәсіби рингте екі қарсыласын жеңіп үлгерді. Ол 4 тамызда Кардиф қаласында үшінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.