Roman Originals компаниясының ғаламторға келушілерді екі жаққа бөліп, пікір таластыртқан атышулы көйлегі аукционда 1356 фунт стерлингке сатылды.
Бұл шамамен 2 мың АҚШ долларына тең келетін сома. Көйлектің бастапқы ақ және алтын іспеттес сары түсті нұсқасын eBay аукционына шығарылған жерінен чехиялық бизнесмен әйеліне сыйлау үшін сатып алыпты. Бір қызығы, оның көкшіл күңгірт түстен тігілген түрін Бирмингемдегі тігін фирмасы шығарып, ғаламторға суретін жариялаған. Сол сәттен бастап, желіге кірушілер жік-жікке бөлініп, оның түсі талайлардың таласын тудырған еді.