Астанада Сумодан сайыс өтеді

/uploads/thumbnail/20170708171725479_small.jpg

16 наурыз. Qamshy.kz - Ертең Елордада Сумодан халыққа көрсетілім белдесулері өтеді. Бұл тулары "Қамшы.kz" порталы egemen.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ертең Астанада өтетін әлемдегі ең көне жекпе-жек түрлірінің бірі саналатын - сумо сайысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Жапонияның Қазақстандағы елшілігі және "Қазақстан барысы" қазақ күресін демыту қоры ұйымдастырып отыр. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - жапондардың ұлттық спортын Қазақстанда насихаттау және Сумоның аясын кеңейту болып табылады. Сумо палуандарының бәсекесі жастардың жауынгерлік рух пен мұқалмас ерік-жігердің нағыз үлгісін көрсетеді дейді шараны ұйымдастырушылар. Ертеңгі сайысқа Жапонияда 10 жыл бойы сумо спортымен кәсіби түрде айналысқан белгілі қазақстандық сумошы Сүйеніш те қатысады. Күншығыс елінде қазақ сумошысы Казафузан деген есіммен танымал екенін айта кетейік. Сумо палуандарының белдесулері 17 наурыз күні сағат 19:00-де Астанадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында өтеді. Ал бүгін «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаесидің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың, Қазақстан Сумо федерациясының төрағасы Бағлан Ыдырысовтың және сумодан жасөспірімдер арасындағы Жапония чемпионаттарының жеңімпазы Миэда Катароның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар