Елбасы: Астана – қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі

/uploads/thumbnail/20180706102553221_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу күллі қазақстандықтардың еңбегі екендігін айтты. Назарбаевтың сұхбатынан үзіндіні Ақорданың Instagram-дағы парақшасы жариялады.

«Біз Қазақстанды, елордамыз – Астананы салдық. Бұл күллі қазақстандықтардың еңбегі. Бұл қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі болды. Сондықтан да мен осы идеяны қолдаған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Біз жаңа елордамызды сала алдық, енді оның 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Барлық астаналықтарға жақсылық пен береке-бірлік тілеймін», - деді Елбасы.

 

A post shared by AkordaPress (@akordapress) on

Бүгін еліміздің елордасы – Астананың туған күні. Бүгін Қазақстан халқы Астана қаласының 20 жылдығын атап өтеді. 

1994 жылы 6 шілдеде ҚР Жоғары Кеңесінде ел астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. Ресми түрде елорда Алматыдан Ақмола қаласына 1997 жылы 10-шы желтоқсанда көшірілді. Президент Жарлығымен 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.

Мемлекеттік деңгейде Астана күні 2009 жылдан бері аталып өтіп келеді.

 

 

Қатысты Мақалалар