«Мәскеу» және «Сайран» метростансалары пайдалануға берілді

/uploads/thumbnail/20170708171732877_small.jpg

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитеннің екінші кезеңі Мәскеу және Сайран стансаларының пайдалануға берілуге әзірлігін тексерді. Экологиялық тұрғыдан таза көлік саналатын жерасты жүрдек пойыздары өткен жылы 20 млн адамды тасымалдады. Ең алғаш ашылған уақытта метромен тәулігіне 13-14 мың адам қатынайтын болса, қазір метро қызметін тәулігіне 24 мың адам пайдаланады. Алматы метросының ұзындығы 8,56 шақырымды құрайды. Жаңа стансалардың қосылуымен жерасты жолының ұзындығы 2,74 шақырымға ұзарады. Абай көшесінің бойында Брусиловский мен Тілендиев көшесінің аралығында орналасқан Сайран стансасы 18 метр тереңдікте орналасқан. Мәскеу стансасы Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелерімен аралығында орналасқан. Әр стансада 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейтін болады. Абай көшесімен қозғалысты батыс бағытта созу үшін болашақта Сарыарқа стансасын қосу жоспарланған. "Қазинформ"

Қатысты Мақалалар