СІМ: Үндістанда зорланған Қазақстан азаматшасын ерекше бақылауда

/uploads/thumbnail/20170708171734445_small.jpg

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Үндістандағы Қазақстан азаматшасына қатысты түсініктеме берді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Нью-Дели қаласында Қазақстан азаматшасын зорлады деген күдікпен 3 ер адам ұсталған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазіргі уақытта үндістандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде. Министрлік аталған мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр. Қазақстанның Үндістандағы елшілігі консулдық бөлімінің қызметкерлері біздің азаматшамыздың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау мақсатында жәбірленуші мен Нью-Дели құқық қорғау органдарымен байланыс орнатты. Еске сала кетейік, Үндістанға саяхаттап барған Қазақстан азаматшасын қонақүйде зорлап кеткен. 24.kz

Қатысты Мақалалар