Алматы облысында полицейлермен төбелескен әйел жазадан құтылып кетті

/uploads/thumbnail/20170708171823334_small.jpg

Алматы облысының Текелі қаласында полицейлерге балағат сөз айтқан әйел жазаға тартылмайтын болды.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Текелі көшелерінің бірінде түсірілген бейнеролик қызу талқыланды. Онда көлік жүргізген әйелдің жол сақшыларын балағаттап, заң қызметкерлеріне бағынбағанын анық көруге болады. Бұл факт бойынша кейін қылмыстық іс қозғалып, Текелі соты күдікті әйелді айыпты деп тапты. Дегенмен, жүргізуші әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Сот процесі барысында Юлия Кучина тәртіп сақшыларынан кешірім сұрап, жол ережесін бұзғандығы үшін айыппұлын төлеген. Сондай-ақ, оның қарауында кәмелет жасына толмаған баланы бар екендігі де ескеріліп отыр. Осы жайттарға байланысты сот Кучинаның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатты" дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбеков. Еске сала кетсек, қоғамда пікірталас тудырған даулы видео 7 наурыз күні Интернет желісінде пайда болған еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар