Денис Тенді өлтірген екінші күдіктіні ұстау шарасына ҚР Ішкі істер министрлігінің барлық күші және аймақтық Ішкі істер департаментінің күші жұмылдырылды.
"Мәнерлеп сырғанау шеберін өлтірді деген күдікпен 1994 жылғы Қызылорда облысының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібаев іздестірілуде.
Күдіктінің бойы шамамен165-170 см, арықша келген. Қара футболка, сұр түсті джинсы, қара аяқ киім киген.
Қандай да бір ақпарат білген жағдайда Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне хабарласуын өтінеміз: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00 немесе 102.
Пікір қалдыру