Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстандық чемпионды ұры әрі қандықол қылмыскер Құрманғазы мен Бәйсейітов көшелірінің қиылысында пышақтап кеткен еді. Соның салдарынан Денис 3 литрге жуық қан жоғалтты. Дәрігерлер оның өмірімен 2 сағат бойы арпалысты, алайда нәтижесіз болды. Жұлдыз бір сәтте сөнді де қалды.
Пікір қалдыру