«I`m a singer Kazakhstan»: Қызықтың көкесі алда!

/uploads/thumbnail/20180726130919476_small.jpg

31 арна бүкіл әлем мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен  «I`m a singer Kazakhstan» шоуына қатысуға ниет білдірушілерден үш ай бойы өтініш қабылдаумен болды. Сөтіп, міне,  28 шілдеде өтініш қабылдау аяқталады.  Алда жаңа кезең – жеңіске үміткер үздіктерді таңдау кезеңі!  

Айта кету керек, биыл жоба ұйымдастырушылары тым үлкен жомарттық танытып отыр. Шоудың жүлде қорын 50 миллион (!)  теңгеге көтергенімен қоймай, «I`m a singer Kazakhstan» жобасына 16 жастан бастап қатысуға рұқсат етті. Оған қоса, кәсіби тәжірибе де талап етілмейді. Жобаға қатысу singer.31.kz сайтында анкета толтыру керек. Демек, құштарлық шоғы шоу басталмай жатып қыза түседі деген сөз, өйткені бәсекелестер саны артып жатыр. Былтыр жобаға қатысуға 3,5 мыңнан астам кәсіби орындаушылар өтініш білдірсе, биыл, қатысу талаптарының жеңілдеуіне байланысты талапкерлер саны екі есе көбейді. Алда оларды қайнаған бәсекелестік күтіп тұр!   

Оған қоса, шоудың ауқымы да кеңейе түсті. Біріншіден, қатысушылар алып сахнада өнер көрсетеді және бұрынғыдан әлдеқайда көп номермен шығады. Екіншіден, аудиториясы бірнеше миллион көрерменге күрт өсті. Себебі шоу бір уақытта екі арнадан, яғни 31 арнамен қатар MUZZONE TV арнасынан және қатысушылардың өз елдеріндегі арналардан экранға шығады. Яғни, бұл шоудың қатысушыларын дүниежүзі таниды. Мәселен, «I`m a singer Kazakhstan» шоуының бірінші маусымы әлемнің алты елінде трансляцияланып, 200 миллионнан астам адам тамашаласа, биыл «I`m a singer Kazakhstan» шоуына қатысуға Қытай, Грузия, Түркия, тіпті Үндістаннан да үміт білдіргендер бар.

Естеріңізге салайық. Шоудың бірінші маусымында әлемнің алты елінен келген 8 кәсіби әнші бірінші орын үшін таласқа түскен болатын (бірінші маусым туралы толығырақ http://singer.31.kz сайтында).

Жоба көрермендер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Оның үстіне, олар залда отырып та, СМС арқылы да дауыс беруге қатысқан болатын. Ал қазылар алқасы әйгілі әртістерден құралды. Қысқасы, ұйымдастырушылар биыл да жұлдызды құрам болады деп сендіруде, дегенмен сарапшы қазылар құрамындағы 4 адамның есімі құпия болып қала бермек.

Орындаушылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы тарапынан жоғары кәсіби деңгей талап етіледі. Себебі шоуға қатысуға әркімнің мүмкіндігі болғанымен, қатысушы байқаудың халықаралық деңгейіне лайық өнер көрсетіп, күллі әлемнің алдында ұятқа қалмауы қажет. Сол себепті әнші жақсы дауыс иесі ғана емес, тамаша дайындықпен келуі шарт. Бірінші маусымда қатысушылар күрделі номерлермен сахнаға шықты. Оның ішінде әлемдік эстраданың түрлі жанрдағы хит әндері болды. Барлығы оркестрдің немесе кәсіби джаз-бэндтің сүйемелдеуімен орындалды. Ал бұған әркімнің шеберлігі жете бермесі анық. 

«I`m a singer Kazakhstan» жобасының ауқымы, қамтыған аумағы, деңгейі, орындаушылардың сапасы, жалпы ұйымдастырылуы жағынан қазақстандық теленарықта ойып тұрып орын алды. Ол жыл сайын жетіліп келеді. Екінші маусым бұрынғыдан да қызықты әрі тартысты болады деп уәде береміз. Себебі жобаны жасауға 31 арнаның ең мықты мамандары жұмылып кірісіп жатыр.   

Қатысты Мақалалар