Қазақстан азаматы Малайзия премьер-министрінің қызына үйленеді

/uploads/thumbnail/20170708171904609_small.jpg

Бүгін, 19 наурыз күні Қазақстан азаматы Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Наджиба Разака Нуриане Наджве шаңырақ көтереді.

Қазақстан азаматы Малайзия премьер-министрінің қызына үйленеді Bernama news agency мәліметіне сәйкес, той Путраджая қаласындағы премьер-министрдің ресми резиденциясында өтеді.

Датук Сери Наджиб  қызы мен қазақстандық 27 жастағы азамат Данияр Кесікбаевтің арасындағы тойды жеке өзі өткізетін болады.

Той екі жерде: Куала Лумпур мен Наджиба Разаканың туған жері Пеканда жалғасады.

Тойға шақырылғандардың арасында Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах, министрлер, елшілер және т.б. лауазымды тұлғалар бар.

Нуриане Наджве мен Данияр Кесікбаев бір-бірімен АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Премьер-министрдің қызы Вашингтонның Джорджтаун университетінде білім алған.

Ал Данияр Кесікбаев Нью-Йорктің Колумбия университетін бітірген.

"Кесікбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Оның анасы Майра Кесікбаева президенттің ағасына тұрмысқа шыққан" - деп жазды straitstimes.com сайты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар