Телмірген жанарда мұң тұнып, Кеудемде кемсек сыр бұлқынып. Көмейде көмескі ән іркіліп, Мен сені сағындым ынтығып....... Дегендей сезімнің ырқын ұқ, Жүрегім сыздайды, жыртылып.... Мен сені сағындым тағы да, Терезе алдына ұмтылып. Көшеде көп елес елбеңдеп, Елеске көз-айнам телмеңдеп. Абдырай қараймын сен бейне, Шақырып қалардай «бер кел деп». Оң-солым, алды-артым,айналам, Елітті жүректі үмітін жоймаған. Есі жоқ бөлмеде есалаң мен ғана, Ал, көше қарбалас, қайнаған. Көктемде құлпырды ақ қарға батталған, Құстарда оралды келместей аттанған. Сен қашан келесің киелім, Жүректі жайлатып отыңа қақталған......
Бақыт қарауылыҚыз жібек, Баянның көркінен мың есе, Келбетті кербезім кекілін жел ескен. Күлкісі құт сыйлар кеудеңе түнесе, Қылығы тандырар сені естен..... Кірпігі тек қана бақыттың пердесі, Жанары өртагіш жалынның өзегі. Пейлінің жоқ шығар әлемде теңдесі, Оны тек желіп етпес жүрегім сезеді. Айдағы ақ емес ажарлы бетінен, Күнненде қуатты лебізі. Жұлдыз кеп тісіне жағалай бекіген, Еріні шуақты шаттықтың негізі. Кеудемнің бұлағын тұнытқан лайламай, Мұңымды арқалап жымиа жол басқан. Пәктіктің тұмарын басқаға байламай, Анаңнан айналдым мен үшін толғатқан. Жүрегін айтуға жетпей тұр тіл шегі, Тіл жетсе жырлар ем тосылмай. Ол бар да жоламас кеудемнің мұң, шері, Бақытқа қарауыл, сүйгенім осындай.
Пікір қалдыру