Кеше Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитеті қызметкерлеріне «СК-Фармация» ЖШС ақпараттық жүйелерінің таныстырылымы өтті, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі atameken.kz порталыyның дерегін негізге алып.
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріптің айтуынша, «бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе» – логистикалық операциялар және қоймаларды басқаруға арналады. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда екі ақпараттық жүйенің қолданыста екенін баса айтты.
«Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе шарттық міндеттерді орындаудың онлайн-мониторигін жүзеге асыру, дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың қажетті талаптарын орындайды. Сонымен қатар, фармацевтикалық өнімдердің сақтау мерзімін орындауға мүмкіндік береді. Екінші ақпараттық жүйе – «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі» ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен құрылған болатын», - деді Б. Шәріп.
Бұған қоса, ол аталған жүйелердің мүмкіндіктері мен пайдасын айтып берді.
«Бұл жүйені қолдану дәрігерлердің рецепттерін жергілікті жерде алып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, амбулаториялық-емханалық және дәріханалық ұйымдармен қамтамасыз ететін медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланысты жеңілдетеді», – деді «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы.
Сондай-ақ, ол 2018 жылдың аяғына дейін басқарудың тиімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз ететін ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.
Кездесу барысында қатысушылар өңірлер және медициналық мекемелер кескінінде дәрі-дәрмектерді рецептілер бойынша беруді айтып, дәрілік заттарды тұтыну есебін жүргізу жайында өз ұсыныстарын білдірген болатын.
Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы денсаулық сақтау саласын цифрландыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгенге дейін пациенттің электронды паспортын енгізу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.
Биыл маусым айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында 6 бағыт бойынша Жол каратасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Жобалық іс-шаралардың бірі – «Денсаулық сақтауда цифрландырумен қамтамасыз ету» бар, бұл жоба аясында өңірлердегі медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерінің жұмысымен визуалды танысу және науқастың электрондық төл құжатын енгізу, мониторингін жүргізу қарастырылған.
Пікір қалдыру