Ахметбек Нұрсила: Қазіргі қазақтың ашаршылықта қырылған қазақтан несі артық?

/uploads/thumbnail/20170708171957717_small.jpg

- Наурыз мерекесі құтты болсын! Жыл басын қалай қарсы алып жатырсыз? - Жаңа жылды жаңа бастамамен қарсы алайын деп жатырмын Алла қаласа! - Ашып жатқан мектебіңіз құтты болсын! Жалпы осы мектеп туралы айтып берсеңіз? - Мектеп, институт, универститет, колледж және де басқа көптеген білім ордалары адамдарға білім береді. Адам білімді не үшін алады? Мен ойлаймын, болашақта сол білім арқылы қоғамға қызмет жасап және соның арқасында өзі де күн көру үшін. Өкінішке қарай қазіргі кездегі білім ордаларының көбі өз міндетін дұрыс атқара алмай отыр! Өйткені, 4-5 жылдық өмірін, ата-анасының ақшасын сарып етіп қолдарына тілдей қатты қағаз алып шығады. Кейбіреуі тіпті 2-3-еуін алады. Ол қағазда ешқандай құн жоқ. Басқа бір мамандық іздейді ме, екі қолға бір күрек дей ме, әйтеу қайта жұмыс табу, табыс табу, күн көру мәселесі алдарында тұрады. Түрлі оқу орындарын бітірген жастардың 80% астамы алған мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды, шынтуайатка келсек, дұрыс білім алып шыға алмайды.

- Ел-жұрт қалай қабылдап жатыр? - Кейінге жылдары тез табыс таба қойғысы келген көптеген компанияалар түрлі Пирамидаларды, сетевой маркетингті жарнамалап адамдарды мезі қылдып бітті. Мынау кезекті сондай жобалардың бірі дейтіндер бар. - Өзін өзі жарнамалап жүрген біреу ме екен деп күмәнданатындар бар. - Бос сөз, әшейін халықты жинап, аздап болса да әрқайсынын тиын жинап күн көргісі келеді ме екен дейтіндер бар. - Мүлде сенбейтін, назар да аудармайтын, қазіргі кезде табыс тауып, қаржылық қыспақтан шығу мүмкін емес, мемлекет шешпей жатқан мәселені бір жеке адам қалай шешеді деп қажыған, шаршаған, ештеңеден сенуден қалған адамдар бар. Өкінішке орай менің топшылауымша осылай ойлайтындардың саны өте басым болуы керек. Өйткені жарнаманы жақсылып беріп жатырмыз, жуздеген мың адамдар көрді, жазылғаны 200 адамға жуық. Соның жартысы келсе тәубә деп отырмын. - Тек Алматы ма? Жоқ, басқа аймақты қалай қамтисыздар? - Трнниг Алматыда өтеді, бүкіл Қазақстандықтар сайт арқылы онлайн трансляцияны көре алады. Интернеті болса болды. Biznes-bastau.kz сайтына кіреді де, көре береді. - Осыдан біраз бұрын "Сапалы қазақты" бастап едіңіз? Қандай нәтиже берді? - Өкінішке қарай жеке басымның мәселелерінің кесірінен Сапалы қазакты жүйелі түрде жалғастыра алмадым. Аяғым үш жерден сынды, басқа да проблемалар болды дегендей. Биыл біраз күш жинап, білімімді толықтырып алдымен кәсіп ашу, бай болу тақырыбынан бастайын деп отырмын. Алла қуат берсе Сапалы Қазақты жалғастырсам деген арман бар. - Артыңыздан ерген іні-қарындастарыңыздың бойынан нені байқайсыз? - Біразында жігер мен сенім бар. Өкінішке қарай басым көпшілігі әзірге бойкүйез, тәубе, шүкір деген ұғымдармен жүр. Көрші одақтас Ресей, мына жақта Қытай қарыштап, жастары адам шошырлық жылдамдықпен дамып жатыр, білімдерін ұштап жатыр, күшейіп жатыр. Біздің жастардың әңгімесі, ана дүкеннің атында бір әріп қазақша дұрыс жазылмапты, ауыл шопыры не деді, жауқазын қашан гүлдейдінің, құда табаққа қандай жілік салу керек деген әңгіменің маңында. Ал тәуелсіздіктің кілті экономикалық күште жатыр емес пе? Осы әңгімелермен біз қалай басқа мемлекеттермен бәсекелес бола аламыз? Сол шошытады? 1930 жылдарғы қазақтың қырылғанының бір себебі малдан басқа күн көретін нәрсесі болмағандықтан. Қасындағы өзенде балық мыңғырып жатқанда, бау бақша егіп жан сақтау мүкіншілігі болғанда да аштан қырылды. Қазірге қазақ сол қазақтан алыс кеткен жоқ, кризис деген жұт. Алдымен зардабын шегетін бағанағы әңгімелерді айтып, әлеуметтік желілерде, бар қаржысын той тойлатып, шоу шоулатып жүрген өзіміздің қандастырамыз болады.

- Сіздің алғаш кәсіпке келген уақыт пен бүгінгі күні кәсіпкер болудда қандай ұқсастық, қандай айырмашылық бар? - Мен кәсіпке 1990 жылдары келдім. Жалқау болмаған жастарға керемет мүмкіншілік болды. Дәл қазір тура сондай мүмкіншілік бар. Бірақ ол да ұзақ тұра бермек емес. Мен жастарға соны пайдаланып қалыңдар, өздеріңнің күн көрістеріңді түзеп алыңдар деп жүрмін.

- Кәсіпкер ретінде айтыңызшы, ертеңгі күннің экономикасын қалай елестетесіз? Біздің жастар экономикалық бәсекелестікке қаншалықты дайын? - Бір сөзбен айтқанда: Жан шошиды және біздің жастардың 90% оған дайын емес. - Кез-келген адам кәсіпкер бола ала ма? Кәсіпкер болу үшін не маңызды? - Бола алады деп ойлаймын. Тек құштарлық, жігер, таусылмас қажыр және намыс керек. - Азамат ретіндегі арманыңыз не? Өмірге бос келіп, түк бітірмей кетіп бара жатқаныма өкінбесем, артыма дұрыс ұрпақ тастап кетсем.

Әңгімелескен Айбек Нұрлан

Қатысты Мақалалар