Қазақстандық фильм "Канн" фестиваліне «жаңалық» әкелді

/uploads/thumbnail/20170708172034488_small.jpg

23 наурыз. Qamshy.kz - Қазақстанық режиссер Әділхан Ержановтың "Үй иелері" фильмі халықаралық "Канн" кинофестивальінде "Арнайы көрсетілім" секциясы бойынша дебюттық қадам жасады. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

Ал Батыс кинокритиктері қазақстандық режиссердің бұл туындысын жақсы бағалап, Кафка мен Кариусмякидің қолтаңбаларын сезінгендігін білдірген.

Сарапшылар фильмді интелектуалды деңгейі өте жоғары, сапалы әрі көркем туындылар қатарына жатқызған. Тіпті, Канн фестиваліндегі көрсетілімнен соң, көрермендер тоқтаусыз 5 минут бойы қол соғумен болған.

Фильмнің фабуласы мынадай. 25 жастағы Джон, оның өгей бауыры Ербол және қарындастары Әлия Алматы қаласындағы үйлерін тастап, шешелері мұраға қалдырған ауылдағы үйлеріне көшіп бармақшы болады.  Алайда жергілікті шендінің бауыры он жылдан бері бос тұрған үйге заңсыз қоныстанып алған. Бауырлар мәселені түсіндірмекші болғанымен, ешкім үйді босатпайды. Содан ағайындылар үйді заңмен шешіп алмақшы болғанда неше түрлі әділетсіздіктер мен келеңсіздіктерге жолығады.

Ал сарапшылар болса қазақстандық жас режиссердің бұл туындысын биылғы "Каннның" жаңалығы деп бағалап, фильмді "қара юмор" жанрына жатқызған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар