Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170923125739863_small.jpg

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде кішкентай бала бар деп мәлімдеді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол апаты 20 тамызда таңғы уақытта Алматы-Екатеринбург тасжолының 385-шақырымында болған. BMW мен Opel Vectra көліктері соғысқан. Нәтижесінде бірі толықтай өртеніп кеткен.

«Жол апатынан келіншек аман қалды, ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қатысты Мақалалар