Сағынтаев демалыстан келген министрлерді бір сілкіп алды

/uploads/thumbnail/20180822140117946_small.jpg

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бүгін үкімет отырысында еңбек демалысынан оралған министрлерді бірден жұмысқа салды. Индустриализацияның барысы жайлы айта келе, істің баяу жүріп жатқанына шенділерді кінәлап ескерту жасады.

«Мемлекет басшысы индустриализацияның жаңа технологияны енгізудегі флагман болу керектігін ескерткен. 2018 жылы цифрлық фабрикалардың жеті моделін құру жобасын жүзеге асыруымыз керек. Жеңіс Қасымбек, Дәурен Абаев, Асқар Жұмағалиев, сіздер мұны жіті қадағалауға тиіссіздер. Қазір жұмыс баяу жүріп жатыр», - деді

Бұған қоса, кәсіпорындарды модернизациялау жұмыстарын жылдамдау керектігін ескерді.

«Жарты жыл өтті, бүгінгі баяндамалардан істің нәтижесі жайлы естімедім. Мемлекет басшысының басты тапсырмасы – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау. Бұл процесс  жаңа жоғары технологиялық өнімді енгізуге септігін тигізеді. Соған баса назар аударыңыздар. Асқар Мамин, өзіңіз бақылаңыз», - деп орынбасарына қорытынды сөзін бағыттады министр.

Қатысты Мақалалар