Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа әкім Нұржан Әшімбетовті бүгін ресми таныстырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осыған дейін Павлодар қаласының әкімі болған Нұржан Кемерұлы Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда Павлодар облысы Аққулы ауданы Черное ауылында дүниеге келген.
49 жастағы ол зооинженер мамандығы бойынша Алма-Ата зооветеринарлық институтын, ал бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.
2016 жылғы 13 сәуірден бастап Павлодар қаласының әкімі болып қызмет етті.