Путин Қазақстандық өнімдерді Ресейге кіргізбей қойды

/uploads/thumbnail/20170708172119800_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен қос бірдей ортақ одаққа (ЕАЭО және КО) кіргелі бері 170 миллиондық нарыққа жола ашылатын болды деп қуанған едік. Қуанышымыз көпке созылмады. Биыл Кедендік және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін ауыр жыл болды. Біздің ежелден бергі одақтасымыз Ресей Федерациасының Украина жанжалына араласуы мен Кырым аннекциясынан кейін АҚШ және Батыс елдерінің Ресейге экономикалық санкциялар салғаны белгілі. РФ-ға салынған санкциялардың салқыны одаққа мүше елдерге бірдей тиетіні тағы рас. ЕАЭО-да экономика әлсіреп, жаһанды жалмаған дағдарыстың ұшқыны сезіле бастады. Осындай кезеңде РФ жанынан табылған бірден-бір мемлекет ҚР болды. Себебі, ҚР және РФ бауырлас(братский государство) әрі көршілес мемлекеттер еді. Алайда соңғы уақытта Ресей үкіметі Қазақстанға қатысты КО және ЕАЭО аясында бірқатар келеңсіздіктерді туындатып отырғаны бізді алаңдататыны рас-ақ. Мысалы, РФ Президенті В.Путинның ЕАЭО аясында ортақ вальюталық одақ құру идеясы, орыспен ортағымызды көбейтіп, тәу етер Тәуелсізідігімізге нұқсан келтірмей ме деген сауалтуындатады. Немесе Батыс санкцияларының салдарынан одақтас елдердің әлеуметтік тұрмыс-жағдайы төмендей ме?

11074694_1636368959916394_1137145448_n

Енді міне, қылтыңы мен сылтыңы көбейіп кеткен РФ-мен одақтас болып, 170 миллиондық нарықты армандап жүргенде Путин Қазақстаннан Ресейге әкелінетін тауарларды КО талаптарына сәйкес келмейді деген сылтауларды желеу етіп шекарадан өткізбей қойған. Сонда бұл эмбаргоның бір түрі ме? Сөзіміз дәлелді болуы үшін апта ішінде Қазақстаннан Ресей аумағына жөнелтілген, алайда орта жолда тәркіленген тауарларды санамалап көрейік.

  1. Ресейлік Россельхознадзор басқармасы Қазақстанға жіберілуі тиіс 35 тоннаға жуық құс еті тиелген 7 вагонды шекарадан өткізбей қойды.

22 наурыз күні Пыталова қалалық ТЖПП Қазақстанға бағыт алған CRLU 5178629 пойызынан 35,010 тоннаға жуық Америкалық құс етін тәркілеген. 7 вагонға тиелген құс етіне АҚШ-тың ветеринарлық қадағалау басқармасының №Р-247 куәлігі берілген және Қазақстан Республикасының территориясына жөнелтілген.

Бұған себеп болғаны, АҚШ-тан Қазақстанға әкеле жатқан құс еті КО актілерінде көрсетілген ветери нарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келмеген. Тауардың өндірілген мерзімі мен жөнелтілген мерзімінде қайшылықтар туындаған. Сондай-ақ, кейбір тауар партияларында санитарлық құжаттар табылмаған. Қазіргі таңда тәркіленген тауарлар кері қайтарылуға жіберілген.

  1. Сонымен қатар, Россельхознадзор басқармасындағылар Белорусиядан Қазақстанға әкеліне жатқан 20 тоннаға жуық алма тиелген жүк пойызын Астрахан облысында құқықтаған. Кейін анықталғандай құжаттарда молдовалық деп белгіленген алмалардың орынана санкциялар салынған поляк алмалары табылған.
  2. Ал Омбы облысында Қазақстаннан Ресейге жөнелтілген 58 тонна поляк алмасы тәркіленген.
  3. Сондай-ақ, Рссельхознадзор басқармасы Новосібір облысында Қазақстаннан Ресей нарығына жөнелтілген 48 тонна кептірілген жемістерді кіргізбей қойған. Арнайы тексерулер барысында анықталғандай, Қазақстандық жемістерде фитосанитарлық анықтамалар жоқ болып шыққан.
  4. Дәл осындай себептермен және 500-ге жуық гүл ұрықтары мен 8 мыңға жуық көшетті Ресей аумағына өткізбей қойған.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар