Техас штатынан республикашыл-сенатор Тед Круз дүйсенбі күні, 23 наурызда АҚШ президенттігіне дауысқа түсу ниетін жарияламақ, деп хабарлады Houston Chronicle басылымы сенатордың кеңесшілеріне сілтеме жасап.
Ол президент орынтағына алғашқы үміткер болмақ. Кеңесшілердің ақпаратына қарағанда, Круз Вирджиния штатындағы Линчбергте Свободное университетінде ресми мәлімдеме жасауды жоспарлауда.
44 жастағы Круз республикашылардың консервативтік тобы мен Шай ішушілер партиясында танымал тұлға және ол Барак Обама әкімшілігін үнемі және бітіспес сынға алып жүрген адам. Ол obamacare деп аталатын оның медициналық сақтандыруды реформалауына дәйекті түрде қарсы шығып келеді, деп хабарлады Росбалт.
CNN және ORC International survey наурыз айында сауалдама өткізді, ол республикашылар арасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буштың інісі Джеб Буш (16%) және Висконсин штатының губернаторы Скотт Уоркер (13%) көбірек танымал екенін көрсетті.
Ақпан айының соңында американдық миллиардер Дональд Трамп та АҚШ президенті сайлауына түсу мүмкіндігі жөнінде шындап ойланып жүргенін хабарлады. Құрама Штаттар президентінің сайлауы 2016 жылғы қарашада өтпек.
ИА "Казинформ"