Қазақстанда бірінші сынып оқушылары бес күндік оқуға көшеді

/uploads/thumbnail/20170708172157521_small.jpg

ҚР орта мектептердегі бірінші сынып оқушылары енді аптасына 5 күн сабақ оқитын болады, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Жаңыл Жонтаев, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі орта білім департаментінің директоры:

-Қазір еліміздегі орта мектептердегі бірінші сыныптың оқушыларына арналған оқыту бағдарламасы тым күрделеніп кеткен. Сондықтан бірінші сынып оқушыларына бекітілген пәндерді қысқару жұмыстары талқылануда. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушыларын аптада бес күндік оқыту жүйесіне ауыстыру мәселесі де қолға алынған.

"Осыған орай біз еліміздегі 30 мектепте сынақ өткізіп көреміз. 2015-2016 оқу жылында бірінші сынып оқушылары аптасына 5 күн сабақ оқитын болады. Алымыздағы оқы жылында ҚР БҒМ-ның жаңа ережелері бойынша сабақтар өткізіледі. Сынақ қорытындысына қарай еліміздегі барлық орта мектептерде осы жүйені енгізу-енгізбеу белгілі болады", -деп мәлімдеді ОКҚ бирифенг барысында.

Осыған дейін ҚР БҒМ-ға 2014 жылдың күзінде ҚР мәжіліс депутаттары 5 күндік оқыту жүйесін енгізуді ұсынған еді.

Сондай-ақ, ҚР орта мектептік білім беру стандарттарына бірқатар өзгертулер мен жаңа бағдарлама жасалуы тиіс болған және мектепке дейінгі даярлық сыныптары 12 жылдық білім беру жүйесіне қосылатыны туралы белгілі болған.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мызраның өзі "Біз 12 жылдық білім беру жүйесіне жақындай беруіміз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, бұл процесс 11 жылдық оқыту жүйесіне қосымша бір жыл мектепке дейінгі даярлық топтарын қосу арқылы жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде еліміздегі мектепке дейінгі даярлық сыныптарындағы 6 жасқа дейінгі балалардың 95 пайызын көрсетіп тұр. Бұ қарапайым 1+11формуласы секілді. Енді осы топтарды модернизациялау керек",-деген болатын.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар