4 қыркүйекте Қостанай облысы Қарабалық ауылында «Қазақ хандығының 500 жылдығына» арнайы салынған батырдың ескерткішін құлатты. Бұл туралы @oralbekov_17 есімді Instagram қолданушысы жазды.
«Қарасаң, жүрегің аурады. Видео Whats app желісі арқылы тарады. Орнына сенімді материалдардан басқа батырдың ескерткішін орнатпақ. Айтуларына қарағанда, ескерткішті басқа ауылдық округке орнатпақ. Бірақ менде мынадай сұрақ туындайды: ол батыр кімге бөгет келтірді? Алғаш бұл жобаны қолына алып, биліктен қаржылай көмек сұрап жүгіргендердің бірі менің атам – Өтешов Асылбек Ғаппазұлы болған еді. Өкінішке орай, ол кісі қазір жанымызда жоқ. Мына видеоны көргенде, жүрегім ауырды. Басқа сөзім жоқ», - деп жазылған әлеуметтік желіде.
Ары қарай Қарабалық ауданы әкімдігінің сайтынан мына мәтінді келтіріпті:
«2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тәуелсіздік үшін күрескен батырдың ескерткіші орнатылды. Қарабалықта осы күнге дейін ұлттық бейнені айқындап тұратын ескерткіштер болмаған. Ал қазір Қарабалықтың жанынан өткен әрбір адамға көрінерлік ескерткіш бар ауылымызда. Ескерткішті жасаған мүсінші Ертуған Шаймағамбетов».
Пікір қалдыру