Қазақ қызы орыстан күйеу іздеп жүр

/uploads/thumbnail/20170708172232524_small.jpg

Жуырда Ресей телевизиясындағы ең даулы бағдарламалардың біріне қатысқан Петропавловскілік Анар Баймаолдина есімді әйел ешкім күтпеген мәлімдеме жасаған. Бұл туралы "Қамшы" порталы "Пусть говарят" бағдарламасының әлеуметтік парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

33 жастағы Анар Баймолдина Солтүстік Қазақстанның Петропавловскі қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Ресейлік "Пусть говарят" бағдарламасының кейіпкері болған Башқұртстан Республикасы Николаевка ауылының тұрғыны Сергей Белоусовқа бағдарлама үстінде ғашық болып, тіпті тұрмысқа шығуға да дайын екенін айтқан.

Оқиға төмендегідей өрбіген, жақында ең даулы ток-шоу - "Пуст говарятқа" 33 жастағы Сергей Белоусов есімді көпбалалы әке кейіпкер болып келеді.

"5 баласын жалғыз өзі өсіріп отырған батыр әкенің ерлігіне тәнті болған бағдарлама қонақтары құр қарап отыра алмады. Сергейдің қажырлылығы мен ерлігі көпке үлгі боларлық еді. Тіпті, біздің сайтымызға Сергейдің атына көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Олардың ішінде, Қазақстаннан, Украинадан, Ресейден, тіпті, АҚШ-тан да хаттар көп. Біздің сайтымыздан Сергей туралы ақпараттарды алып, Қазақстаннан Анар Баймолдина есімді әйел келіп, Сергейге сөз салды. Анар Сергей екеуі тағдырлас екен. Анар да 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған батыр ана екен",-дейді бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов.

"Біріншіден, ол маған еркек ретінде, батыр әке ретінде ұнады. Менің өмірдегі армандарымның бірі - мені емес, балаларымызды жақсы көретін еркек жолықтыру еді. Мен балаларымды жалғыз тәрбиелеп отырған мықты әйелмін. Бірақ, менің жанымда менен де мықты еркек болса дұрыс деп ойлаймын",-деген Анар Баймолдина.

Оның айтуынша мемлекеттер арасындағы шекара, оның сезіміне тосқауыл бола алмайды екен.

"Мен өзі елімнің асқан бір патриоты емеспін. Менің өмірімдегі жеке бақытымның жолында Ресей ме? Әлде Қазақстан ба? Маған айырмашылық жоқ. Мен Ресейге көшіп келе аламын",-дейді Анар Баймолдина.

Ал бағдарлама кейіпкері болып отырған Сергей Белоусов болса қазақстандық жесір әйелдің бұл ұсынысын қабылдамай қойған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар