Атыраудағы 41 мектепте көше шамдары ауыстырылады.
«Қаланың көптеген мектептерінде көше жарықтары жарамсыз болып қалған. Олар орнатылғалы бері ондаған жылдар өтті. Салдарынан балалар да, ата-аналар да мектеп аумағында көше шамдарының болмағанына шағымданды. Ал жарық болмаған жағдайда мектептен кешкі уақытта қайтатын балалардың қауіпсіздігіне қатер төнетіні белгілі. Сондықтан биыл 41 мектептің жарығын ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қабиденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Е. Қабиденовтің айтуынша, көше жарықтарын ауыстыруға арнайы тендер өткізіліп, жұмыстар басталып кеткен.