Атырауда жұмыссыздық саны азайды

/uploads/thumbnail/20180905110135888_small.jpg

Атырауда жұмыссыздардың саны қысқарды. 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы Атырау қаласында өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесіне жиі араласып, өз бизнестерін ашуда. Нәтижесінде өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, Атыраудағы жұмыссыз азаматтар саны 2 мыңға азайған», - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева.

2018 жылдың алғашқы 6 айында Атырау қаласында 6 815 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға артық.

Айта кетелік, бағдарлама аясында бес жұмыссыз өз бизнесін ашып, 866 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 83 жергілікті тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 236 адам жастар тәжірибесінен, 104 адам кәсіптік дайындықтан өтті.

Қатысты Мақалалар