15 минуттық орыс тілді баяндама қазақ тілінің мәртебесін көтере ме?

/uploads/thumbnail/20180913172432367_small.jpg

Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында тілдер мерекесіне арналған жиын өтті деп жазды altaynews.kz cайты. Бұл жиын қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған,

Қуанарлық жайт. Себебі ШҚО-да қазақ тілінің мәртебесі ақсап тұр. Жастардың көбісі орыс тілінде сөйлеуге құмар не "шалаказакша" сөйлеуге әуес. Осы секілді шаралар арқылы ең болмаса бір студенттің ойын өзгертіп, сөзін түзей алсақ үлкен жетістік болар еді. 

Алайда қазақ тілінің мәтебесі мен мемлекеттік тілдің - қазақ тілі екенін баса назарға алып, насихатталуы керек жиында «Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Жиренованың орыс тілінде баяндама оқуы көңілдегі қуанышты су сепкендей басты. Аltaynews.kz сайтының журналисінің айтуы бойынша баяндама 15 минутқа ғана созылған. Әлде 15 минуттық орыс тілді баяндама қазақ тілінің мәртебесін көтере ме? 

Кезінде Ресейдің боданында болып, өз тілімізді, ұлтымызды жоғалтып ала жаздағанымыз рас. Алайда арада 27 жылдай уақыт өтті ғой. Ең болмаса қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, маңыздылығын арттыратын жиында Айгүл Жиренованың сөзіне ісі қарсы келетін әрекет жасауын қалай түсінуге, қалай түсіндіруге болады? Шараға қатысқа Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерге қандай үлгі көрсетті? 

Қатысты Мақалалар