Головкин мен Альварес төбелесіп қала жаздады (видео)

/uploads/thumbnail/20180915102950236_small.jpg

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің соңғы салмақ өлшеу рәсіміне келген жанкүйерлер тосын жайтқа куә болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Олар көз түйістіру рәсімінде төбелесіп қала жаздап, командалары да шекісіп қалды. Ұйымдастырушылар екі команданы ажыратты. Мұндай жайттар бокста жиі кездеседі. Головкин өзінің инстаграм парақшасына "Соғыс болғалы тұр", - деп жазған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

This is gonna be a WAR!

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

​Айта кетейік, Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 килограмм), «Канело» 159,4 фунт (72,3 килограмм) тартты. 

Рематч 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қос боксшы да бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берді. 

Қатысты Мақалалар