Ақтөбеде орамал дауына қатысты үш тұрғын қамалды

/uploads/thumbnail/20180110124433923_small.jpg

Ақтөбе облысында билік жергілікті үш тұрғынды "мектеп тәртібіне сай киінбеген балаларын сабаққа күшпен кіргізбек болып, мұғалімдерге қоқан-лоқы жасаған" деп айыптап, жауапқа тартқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі xабарлады.

Қыркүйектің 14-і күні Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қала тұрғындары Нұрәлі Шақкөзов, Медет Құдайбергенов пен Жәнібек Өтәлиевті әкімшілік қамауға алу туралы қаулы қабылдаған. Сот шешімі бойынша Шақкөзов үш тәулікке, Құдайбергенов пен Өтәлиев - бес тәулікке қамалған.

Бұл азаматтардың балалары Ақтөбедегі №31 мектепте оқиды. Мектеп директорының орынбасары Шолпан Жиенмурзинаның айтуынша, осы мектептің 13 оқушысы жаңа оқу жылы басталған күні сабаққа орамал тағып келген. Мұғалімдердің мектеп формасын сақтау туралы талабынан соң 9-сыныпта оқитын қыз бала ғана орамалын шешуге келісім берген.

"Өзге оқушылардың ата-аналары 3 қыркүйектен бастап күн сайын мектепке келіп шу шығарып, мұғалімдерге қоқан-лоқы көрсетті", - дейді Шолпан Жиенмурзина.

Қатысты Мақалалар