Жәнібек Альваресті жекпе-жекке шақырды

/uploads/thumbnail/20180917100357326_small.jpg

Қазақстандық кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 28 жастағы мексикалық «Канело» Альварес 36 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді жеңді. GGG кәсіпқой бокста өмірінде алғаш рет жеңілді. Осылайша Головкиннің титулдарының бәрін «Канело» алды. Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал  Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген

Ал ЖәнібекӘлімханұлы АҚШ-та жекпе-жек өткізуге дайын.

«Канело», қуанышың ұзаққа созылмайды. Сенің тас-талқаныңды шығаратын алғашқы боксшы мен боламын. Белбеулерді қайтарып аламыз. Саған нағыз қазақ боксының стилін көрсетемін. Мен дайынмын", - деп жазды 25 жастағы қазақстандық өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Қатысты Мақалалар