"Еңбек етсең ерінбей,
Картопқа тояды қарның тіленбей"-деп студент жастардың арасында соңғы аптада "Картоп" қызу әңгімеге айналды.
Иә, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ата-ана қамқорлығынан айырылған, жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге тегін картоп таратылды! Бұл дәстүрге айналып келе жатқан университет басшылығының студенттерге деген әлеуметтік қолдауы деп білеміз. Биылғы жылы картоп ерекше мол өнім берді. Студенттер ризашылыған білдіре отырып, қуаныштарын жасыра алмады.
Атап айтсақ, Білім ордамыздың ғалымдары бірнеше жылдан бері баптап, тәжірибелік жағдайда өсіріп келген өзіміздің картобымыз деп əр студент мақтана айта алады!
Шындығына келгенде Еліміздің ешбір ЖОО-ны, дәлірек айтқанда, оның ішінде аграрлық саладағы оқу орындары өз университетінде шығарылған өнімін студенттерге тегін таратпаған. Білім ордамыздың барлық жастарының атынан университет басшылығына, профессор-оқытушыларына шексiз алғысымызды білдіреміз!
Ақылбек Данабекұлы
Пікір қалдыру