Вьетнам президенті ауыр сырқаттан қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20180921121944154_small.jpg

Вьетнам президенті Чан Дай Куангтың 21 қыркүйекте 61 жасында ауыр сырқаттан қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ресми деректерге сүйенсек, Чан Дай Куанг Ханойдағы орталық әскери ауруханада көз жұмған.

Еске салсақ, Чан Дай Куанг 2016 жылы сәуірде елдегі ең жоғарғы заң шығару органы - Ұлттық жиын депутаттарының 90 пайыз даусын иеленіп, президент болған. Ол бұған дейін қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметін атқарыпты.

Ол министр болып тұрған кезде вьетнамдық саяси белсенділер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары оппозиция өкілдерінің қудаланғанына байланысты қоғамдық қауіпсіздік министрлігін бірнеше рет сынаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар