Балмұздаққа құмар қазақстандық сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20180330145431098_small.jpg

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері дүкенге кіріп 15 мың теңгенің балмұздағын жеп, кейін өзімен бірге ала кеткен бойжеткен ұсталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Таңертең жұмысқа келген әйел дүкеннің астан-кестеңі шығып жатқанын көріп, тауарларды тексеріп шығады. Кейін дүкеннен тек балмұздақтар жоғалғанын біледі. Дүкен иесі полицияға арыз жазғаннан кейін ұры араға бірнеше сағат салып қолға түседі. 

Қазір аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бойжеткен осы қылмысы үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Десе де дүкен иесімен келісе алған жағдайда мерзімі шартты болуы да ғажап емес

Қатысты Мақалалар