Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдікпен Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленіп, Үкімет отырысының қарауына ұсынылып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген.
Көліктендіру деңгейінің 8-9 процентке дейін жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 жол айрығын, 3 көпір, 1 жол өтпесін, 1 тоннель салу және 1 айналма жолды аяқтау жоспарлануда.
Көлік қаңқасын құру елорда жолдарында көліктік коллапстың туындауына жол бермеуді және қаланың негізгі магистральдарынан 50 процентке жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Нақты шешімді қажетсінетін Астананың өзекті мәселелерінің бірі - нөсерлі кәріз.
2019 жылдың соңына қарай нөсерлі кәріздің қолда бар тазалау құрылыстарын реконструкциялау және жаңаларын салу жұмыстарын өткізу жоспарланады. Бұл 17 мың гектар ауданды қамтуға (Жастар шағын ауданы, Ақбұлақ, Өндіріс тұрғын алаптары, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы ауданы, Мыңжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» темір жол вокзалы, Әскери қалашық) және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік береді.
Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі, бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66 процентке (34,6 мың га) немесе 2020 жылға нөсерлі кәріз желісіне ағын сулар алаңның 96,5 процентін (23,8 мың га) құрайды.
Халыққа сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін салу күтілуде.
Екінші Жылу электр орталығын кеңейту және қайта жаңарту қосымша 2~2,5 млн шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етеді.
Үшінші Жылу электр орталығының бірінші кезегін салу қаланың батыс және солтүстік бөлігінің жылумен қамтамасыз етеді. Ал қуаттылығы сағатына 418 Гкал үшінші Жылу электр орталығының екінші кезегін салу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жоспарланады.
Сондай-ақ, 110 кВ үш қосалқы станциясын салуды және кабельдік желіге қайта жайластырумен 110 кВ ауа желілерін қайта жаңартуды көздейді. Бұл ЛРТ, Мыңжылдық аллеясы, Железнодорожный кентін электрмен қамтуға, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Газдандыру бойынша бірінші кезеңде 2021 жылға қарай Жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш және шағын жеке қазандықтарды, сондай-ақ тұрғын-үй алқаптарын (Көктал, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Железнодорожный, Пригородный, Тельман тұрғын алаптары) газ отынына ауыстыру жоспарланады. Бұл зиянды заттар шығарындыларын 30 процентке төмендетуге мүмкіндік береді.
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Есіл өзенінің арнасын әрі қарай реконструкциялау жұмысын күшейту жоспарланады (12 учаскелер).
Бұдан басқа, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, қаланың кез-келген тұрғын ауданынан 20 минуттық қадамдық қолжетімділікті қамтамассыз ететін саябақтар мен гүлзарлар салу жоспарланады.
Бақыт Сұлтанов алдағы 5 жылда Астана бұдан да көркейіп, гүлдене түседі дейді. Оның айтуынша, 2023 жылға қарай 10 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Сондай-ақ 37 мектеп пен 6 балабақша және 15 денсаулық нысанын салу көзделген. Бұдан басқа қаланың кез келген ауданында тұрғын үйден 20 минуттық жерде саябақтар мен гүлзарлар салу да жоспары бар. Айта кетейік, бұл кешенді жоспарды әзірлеу Елбасы тапсырмасы.
Пікір қалдыру