Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасының барысы туралы айтып берді

/uploads/thumbnail/20181008122912294_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үйге арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасының барысы туралы айтып берді.

Қазіргі кезде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен «7-20-25» халыққа жеңілдетілген несие беру бағдарламасының іске қосылуына байланысты тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияның өсімі байқалып отыр. Атап айтар болсақ, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 702 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ол өткен жылдағы деңгейден 31 пайызға көп. Биыл 7,7 млн шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға артып отыр. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

–Республика бойынша барлығы 67 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 27 мыңға жуық жеке үй бар. Жоспар жыл соңына дейін толық көлемде орындалатын болады (жоспар 12,1 млн. шаршыметр). Айта кететін бір жайт, бұрын жеке тұрғын үй салу құрылысы басым болса, қазір көпқабатты үйлердің көлемі артты. Несиелер 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, сондай-ақ Шымкентте халықты несиелендірудің шекті сомасы 20 млн теңгеге дейін. Бүгінде аталған қалаларда несиені алудың орташа мөлшері шамамен 12 млн 800 мың теңгені құрады. Сәйкесінше, ай сайынғы төлем 85-90 мың теңгеге тең, –деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, қалған өңірлерде несие сомасы 12 млн теңгеге дейінгі көлемде. Бұл аймақтарда өткен екі айда азаматтар орташа есеппен 9 млн теңгеден алып, ай сайын 63 мың теңгеден төлеп отыр.

Баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жыл сайын сатып алу құқығынсыз арендалық 3 мың пәтер салынады.

–Бағдарламада 2 жыл ішінде барлығы 6182 арендалық пәтерді (331,0 мың ш. м) пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жылдың 8 айындағы 922 пәтерді (49,6 мың. ш. м) қосқанда бүгінгі күні 3542 пәтер салынды (196,2 мың ш. м). Әлеуметтік тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау төлем ақысы шамамен 100 теңгені құрайды, – деп атап өтті министр.

Екі  жылға жуық уақытта әкімдікте кезекте тұрған азаматтар (тұрақты табыстары бар мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер) мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі салымшылары үшін биылғы 8 айда тапсырылған 1970 пәтерді қосқанда 18,5 мың кредиттік пәтер пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылдан бастап жыл сайын 40 мың учаскеге инфрақұрылым желілерін тартуды жоспарланып отыр. 14 облыс орталығында бір шаршы метрінің құны 120 мың теңгені құрайтын бірыңғай сәулеттік стильде пилоттық жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметі бойынша, бағдарлама басталғалы тек екі айда қатысушы банктерге ипотека алуға 2562 өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінде жалпы 20 млрд тенгеден астам сомаға 1695 ипотекалық қарыз беруге қолдау жасалды. Қалған өтінімдер банктердің қарауында жатыр. Бүгінде бұл тренд күшейіп келеді, яғни өтінімдер саны күн сайын артуда», - деді министр.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бағдарламасының аясында пәтер тапшылығы болмайтынын мәлім етті.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Баспана» акционерлік қоғамының «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін пәтерлердің жоқтығы туралы айтқаны шындыққа жанасады ма және бүгінде жағдай расымен солай ма?» деген сауал қойылды.

«Осы жайында мәліметті естіген болатынмын. Бұған дейін атап өткенімдей, осы жылдың соңына дейін 100 мыңнан астам баспананы тапсырамыз. Оның 35 пайызы жеке үйлер болса, қалған 65 пайызы көппәтерлі тұрғын үйлер. Сондықтан жылдың соңына дейін ең аз дегенде 65 мың көппәтерлі үйлер пайдалануға берілетін болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар