Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған бес қабатты, 60 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді. Бирюзов көшесінде бой көтерген үйден баспанаға мұқтаж болып отырған 16 отбасы пәтерлі болды.
Оларға жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Нұрлан Әубәкіров табыс етті.
Жалға берілетін баспанаға жетім балалар, көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ бюджет қызметкерлері, әскери және мемлекеттік қызметшілер де пәтерлі болды.
Бұдан тыс, жыл соңына дейін баспана құрылысы бағдарламасы бойынша Қарағандыда тағы 325 пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар. Үйлер қаладағы 12, 14 және 15-шағын аудандарда салынып жатыр.
2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылды. Аумағы 962 шаршы метрді құрайтын екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жүргізіліпті. Ол үшін республикалық бюджеттен 86 миллион теңге қаржы бөлінген. Қоныс тойын тойлағандардың бірі Оқасовтар жанұясы. Ұстаз болып еңбек ететін отанасы әр жерде үй жалдап келген. Енді үш бөлмелі кең пәтерге жайғасты. Тағы бір қуаныш, қазір аудан орталығы Атасу кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 бірдей көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жуырда тағы 56 отбасы осындай қуанышқа кенеледі.
Айта кету керек, қазір аудан бойынша 600-ден астам отбасы пәтер кезегінде тұр.
Әйгерім Оқасова, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:
- Көңіл-күйім өте тамаша. Көптен күткен қуанышқа бүгін қолым жетіп отыр. Осы баспанаға 9 жыл кезекте тұрдым. «Сабыр түбі сары алтын» дейді, мінеки қолымыз 3 бөлмелі пәтерге жетіп отыр. Құрылыс сапасына көңілім толады. Жылу қазандығына қосулы, суы ағып тұр.
Пікір қалдыру