Байқоңырда қала және жақын ауыл-аймақты дамыту жөнінде мәселелері талқыланды.

/uploads/thumbnail/20180907155046327_small.jpg

5 қыркүйекте Қызылорда облысының әкімі Қрымбек Көшербаев Байқоңырға іс-сапармен барды. Облыс әкімі іс сапар барысында бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысып, облыстық медицина орталығының филиалы мен № 1 демалыс орнын аралады.

Сол күні «Байқоңыр» қонақүйіндегі конференция залында Крымбек Көшербаевтың қатысуымен Байқоңыр қаласы мен жақын маңдағы Торетам және Акай ауыл-аймағының дамытуға байланысты жиын өтті.

Аталмыш жиында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мен әкімнің орынбасары Виктор Лопаткин, Николай Адасев және Сергей Дмитриев, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің өкілі Серік Қожаниязов, тағы басқа қызметкерлер қатысты. 

Бірінші болып сөз сөйлеп, жиынды ашқан Крымбек Көшербаев Байқоңыр қаласы мен космодромды дамыту барысында екі мемлекет арасында үлкен жобалардың атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен бірге біріккен жұмыстың нәтижесінде жасалған «Бәйтерек» зымырандық кешені іске қосылмақ.

«Байқоңырдың дамуына байланысты кейбір мәселерді шешу мақсатында аумақтық дамытудың ұзақмерзімді жобалары бойынша бірнеше жобалар іске асырылып жатыр. Атап өтетін болсақ, тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету үшін арнайы жобалар іске асырылып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі тұрғындарға барлық жағдайды жасау үшін қаладағы жол мен ескі тұрғын үйлерді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ал бүгін біз осындай жоспарларды талқылап, кей мәселелерге байланысты туындаған сұрақтарға жауап беру үшін жиналып отырмыз», деді облыс әкімі.

Бірақ Байқоңыр қаласындағы ауқымды жобалардың барлығын бірдей іске асырып, барлық міселелерді бірден шешуге мемлекеттің қаражаты жеткіліксіз екенін де ескертті облыс әкімі. Ол мәселелерді біртіндеп, жоспар бойынша шешетінін атап өтті.

«Біз қаладағы тұрғын үй құрылысына, техникалық-экономикалық негізінде жаңару мен қаладағы су құбыры мен кәріс желісін қайта жаңарту үшін бюджеттен белгілі бір мөлшерде қаражат бөлінеді. Айта кетерлігі, қаражат белгілі бір мөлшерде, рет-ретімен бөлінетінін ескерген жөн. Ал Торетам мен Ақсай аймақтарын дамыту арқылы біз Байқоңырды да дамытып жатырмыз. Жақын арада бұл аймақ Байқоңыр қаласының құрамына енетін ықшам ауданға айналады», деді Көшербаев.

Аталмыш жиында Аэроғарыштық комитеттің орынбасары Ғалымжан Данбаев Байқоңыр айлағындағы ғарыштық жобалар туралы ақпарат беріп, бұл жобалардың Байқоңыр қаласы мен Торетам, Ақсай аймақтарының дамуына қандай әсерін тигізетінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар