«Әдемі-Айда» - «Ұлт жауһарлары»

/uploads/thumbnail/20170708150931161_small.jpg

1 наурыз күні «Әдемі-ай»  компаниясы және «Әдемі-Ай» өнер мұражайы «Ұлт жауһарлары» атты көрме өткіздеді.  Көрме 8 наурыз халқаралық әйелдер мерекесінің  құрметіне орай ұйымдастырылып отыр, онда көне жәдігерлер мен жаңа кәдесыйлар ұсынылады.  Көрмеге Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы «Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі гендерлік комиссия» мүшелері, қала тұрғындары қатысады.

«Әдемі-Ай» компаниясы соңғы 10 жыл көлемінде ұлт мұраларын заманауи технологиялармен жаңғыртып, халқымыздың салт-дәстүріне сай жасалған кәдесыйларды халыққа ұсынып келеді. Естеріңізге сала кетсек,  2010 жылы «Әдемі-Ай» компаниясының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнертанушы, коллекционер Бахаргүл Төлегенқызы 1000-нан астам жәдігері қойылған «Әдемі-Ай» өнер мұражайын ашқан болатын. Бүгінгі күнге дейін  мұражай көне  жәдігерлермен толығуда.

  «Әдемі-ай» компаниясы да биылғы жыл шығармашылық жұмыстарға басымдылық бере отырып, жаңа өнімдерінің қатарын көбейтті. Олардың қатарында, қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, бүгінгі келбетін бейнелейтін «Қазақстан тарихы» табақшасы, наурыз картинасы, зергерлік әшекейлер,  жібектен жасалған тоқыма бұйымдар, өңірлерге арналған табақшалар топтамасы, қазақ халқының соғыс қарулары мен саз аспаптары үлгісінде жасалған флеш-карталар бар.

 

Өтетін орны: «Әдемі-Ай» өнер үйі, Алматы қаласы Шевченко көшесі, 133Б, (Байзақов көшесінің қиылысы).

 

Өтетін уақыты: 11.00-де.

 

Қосымша ақпарат: +7 (727) 378 84 85

                                     Құмар Жұмахан 8702 118 64 83

                                     Гүлмира Нәлібай 87772887311

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар