Қазақ оқушылары Ресейдің патриоты ма?

/uploads/thumbnail/20170708174128204_small.jpg

Биыл қазақ хандығының 550 -жылдығын ұлан-асыр тойлап жатырмыз. Міне осы тарихымызды ұлықтап,рухымызды асқақтататын ұлы шараларымызды көре алмайтын кейбіреулер қарсы шабулыға шындап кіріскен сияқты. Күн аралатып  Қазақты келемеждеудың сан қилы жексұрын амалдарына куә болатын болдық. Осыларды  көріп жаным түршігіп жүргенде, тауелсіздігіміздің қадірін кетіретін,жасөспірім балалардың санасына «Ұлы россияны»сыналап кіргізетін оғаш іске тап болдым.

Қызметіме байланысты қай мектеп екені құпия қала берсін. Бастауыш сыныптың сүп-сүйкімді оқушылары мынандай спорт киімін киіп жүр. Кеудесінде бадырайып «Rossia»деп жазулы тұр. Ал оның қасында көк туымыз «желбіреп» тұр. Бұндай киімдер бір-екеуінде ғана шығар деп бүкіл оқушыларды тексеріп шықтым. Барлығында осындай құбылыс. «Бұл форманы қайдан алдыңдар?»деп сұрасам, «Базарда қаптап тұр. Бәрімізге осыны алып берді»-дейді ештеңеден хабарсыз оқушылар.

Енді ғана саналары қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндерге россияны жарнамалап,саналарын улап жүргендер кімдер болды екен? Бұдан өткен басқыншылық жоқ шығар сірә!

  Омар Құрмаш

Қатысты Мақалалар